Менің атым – Әлімбай Айсана Азаматқызы. Мен өз отб

Менің атым – Әлімбай Айсана Азаматқызы. Мен өз отб

Pop

00:00 / 00:00

Your friends are using AiMusic.la to generate music, listen to it! You can also generate your own music!

Lyrics

Менің атым – Әлімбай Айсана Азаматқызы. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Біздің отбасымыз үлкен әрі тату. Отбасында мен кенже баламын. Менің бір ағам және екі апам бар. Біз барлығымыз бір-бірімізді жақсы көреміз және әрқашан бір-бірімізге көмектесеміз. Мен өзімді бақытты отбасының мүшесі екенімді мақтан тұтамын. Біз анам екеуміз бос уақытымызда әртүрлі гипстен заттар жасағанды жақсы көреміз. Бұл біздің сүйікті ісіміздің бірі. Бүгін біз асық формасына гипс құйдық. Маған асық жасаған өте қатты ұнады, себебі ол қызықты әрі шығармашылық жұмыс болды. Алдымен гипсті дайындап, қалыпқа құйдық. Біраз уақыттан кейін ол кеуіп, қатайды. Содан соң біз кепкен асықтарды гуашь бояуымен әдемілеп боядық. Әр асықты түрлі түске бояп, әдемі өрнектер салдық. Кейін сол асықтармен ойын ойнадық. Бұл өте көңілді әрі қызықты болды. Маған бүгінгі күн ерекше ұнады. Менің әкем мен ағам спортпен айналысқанды жақсы көреді. Олар мықты әрі шыдамды болуға тырысады. Ағам мен апам каратэ үйірмесіне барады. Олар жаттығуға үнемі қатысып, жарыстарға дайындалады. Мен оларды мақтан тұтамын. Бос уақытымда мен әкеммен бірге спортпен айналысамын. Біз бірге жаттығу жасап, кейде жүгіреміз немесе түрлі ойындар ойнаймыз. Маған әкеммен бірге уақыт өткізген өте ұнайды. Себебі ол маған көп нәрсе үйретеді және әрқашан қолдау көрсетеді. Менің отбасым – ең тату, ең бақытты отбасы. Мен өз отбасымды мақтан етемін және оларды қатты жақсы көремін.