Шырылдауық шегіртке

Шырылдауық шегіртке

00:00 / 00:00

Your friends are using AiMusic.la to generate music, listen to it! You can also generate your own music!

Lyrics

[Intro] (Instrumental Solo) [Verse 1] Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. [Verse 2] Жаздыгүнгі жапырақтың Бірінде тамақ, бірінде үй, Жапырақ кетті, жаз кетті, Күз болған соң кетті күй. [Chorus] Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? [Verse 3] Оныменен тұрмады, Қар көрінді, қыс болды. Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды. [Verse 4] Секіру қайда, сүрініп, Қабағын қайғы жабады. Саламда жатып дән жиған Құмырсқаны іздеп табады. [Chorus] Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? [Verse 5] Селкілдеп келіп жығылды, Аяғына бас ұра: Қарағым, жылыт, тамақ бер, Жаз шыққанша асыра! [Verse 6] Мұның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең? Жаның үшін еш шаруа Ала жаздай қылмап па ең? [Bridge] Мен өзіңдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып, Өлеңнен қолым тиді ме? [Chorus] Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ, Өкінгеннен не пайда? Суыққа тоңған, қарны ашқан Ойын қайда, ән қайда? [Outro] Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер!